Мәзір
17 қазан 2019
3 мин
881
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Мақтай САҒДИЕВ: Біз тыңды көтердік, тың Қазақстанды көтерді

Мақтай САҒДИЕВ: Біз тыңды көтердік, тың Қазақстанды көтерді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, талантты ұйымдастырушы, іскер басшы, тыңгер Мақтай Сағдиев есімі республика көлемінде ғана емес, күллі Кеңестер Одағына мәлім. Республиканың экономикасын нығайтып, өсіп өркендеуіне көп үлес қосқан парасатты жан Мақтай Сағдиевтің өмірі кез-келген азаматқа үлгі боларлық. Мақтай Рамазанұлының қызметтік өсу жолы тың игеру жылдарымен тұспа-тұс келді. Тың және тыңайған жерлерді игеру  жалпыұлттық науқанға айналған уақытта партиялық басшылық болсын немесе қарапайым ауыл тұрғыны болсын қыруар жұмыстан шетте қалған емес. Заман сондай болды. Ал елдің жетекші басшылық қызметінде жүрген азаматтар үшін бұл екі есе жауапкершілік, екі есе артылған міндет еді. Мақтай ағаның елі Көкшетау халқы оның әділдігін, еңбекқорлығын әлі де сүйсіне еске алып жүреді.

Мақтай Рамазанұлы басқарған тұстағы Көкшетау облысы республика бойынша ауыл шаруашылығы ең дамыған аймақ боп саналды. Ол көптеген жаңалықтар енгізді. Облыс әсересе ауылшаруашылығын өңдеу бойынша алдыңғы қатарда болды.

Еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданының партия қызметкері, ірі совхоздың директоры, Қазақ ССР балық министрлігінің министрі Қостанай облыстық партия комитетінің төрағасы, Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Призидиумының төрағасы сынды жоғарғы лауазымды қызметтер атқара жүріп, қоғамдық жұмыстар арқылы халықтың әлеуметтік саласына да зор көңіл аудара білді.

Ол – түгелімен тың жолын өткен адам еді. Егер тың игерудің жешіресі жазылса Мақтай Рамазанұлының естеліктері құнды деректерге толы. «Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы тарихи шешім қабылданған тұста елдің өнеркәсібі мен машина жасау, құрылыс, экономикалық табысы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті мен спорт саласы өрледі. Тың игеру халыққа тек қана нан беріп ғана қойған жоқ, халықтың ой өрісін, жалпы елдің дамуына үлкен әсер етті»,- деп жазды ол өз естеліктерінде. Бұл шынымен де тарихи кезеңге берілген оң баға еді.

1959 жылы республиканың жоғарғы оқу орындары 9160 маман даярлап шықса, оның 1 296 тек ауыл шаруашылығының мамандары болатын. Елдің солтүстігіндегі өмір қайнай түсті. Білім беру мен денсаулық, мәдениет спорт нысандары қарқынды түрде салына бастады. Целинный край аталып кеткен Ақмола қаласында төрт бірдей жоғарғы оқу орны бой көтеріп, білімді жастарды оқыта бастады.

«Қазіргі жастар тың игеру туралы түк білмейді. Тек «Целина» сөзін ғана естіп өскен. Ал шын мәнінде осыдан 60 жыл бұрын менің туған жерімде өмір қайнап жатқан еді»,- дейді ол естеліктерінде.

«КСРО Үкіметінің «Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» Қаулысы шыққан кезде біз «Не деген үлкен көлем?!» деп таңданған едік. Алайда кең көлемдегі үлкен жұмыс бізді алда күтіп тұрды. Қазақтың жеріне вагон-вагон болып түсіп жатқан тыңгерлерді қуанышпен қарсы алған сәт әлі көз алдымда. Қазақстан жеріне келіп жатқан азаматтарды кімнің қай елден келгенін жаңадан құрылған совхоздардың атауларынан ақ білеуге болатын. Құрылған совхоздар Московский, Киевский, Ленинградский, Одесский деп кете беретін»,- дейді Мақтай Рамазанұлы.

Тың игеру жылдарын Мақтай Рамазанұлы ерекше мақтаныш сезімімен еске алатын. «Ол кезде тың игеру біздің негізгі мақсатымыз болатын. Қазіргі Қазақстан мұнай-газ саласына үлкен үміт артқан болса, бізде тың жерлерге үлкен сеніммен қарадық.Тың игеру экономикалық, мәдени тіпті ұлттық мәнге ие болды. Тың игеру Қазақстанның атын шығарды!»,- деген екен Мақтай Сағдиев.

Бұл әрине тек қазақстандықтардың ғана үлесі емес, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген әр тыңгердің маңдай тер еңбегі мен жанкешті ерлігі.

Тың игерушілер совхоз мүлкін сақтап қалған тракторшы Даниил Нестеренко, қыстың суығында далада қалып қайтыс болған Василий Рогузовтың ерлігін ешқашан ұмытпайды. Мұндай ерліктер туралы жазсаң том-том кітап шығар еді дейтін Мақтай Сағдиев.

«Әрине тыңгерлер тарапынан өмір сүру жағдайына деген наразылықтар да болды. Жапан далада 24 миллион гектар жерді жыртып, дән себу, әрі фантастикалық жағдайларда өмір сүру бұл да бір ерлік»,- деп жазады өз естеліктерінде ол. Тың игеру-жарты ғасыр уақыт өтсе де тарих бетінен өшпейтін, алтын әріппен  мәңгілікке  жазылған оқиға болды.

Тың игеру кезінде ғалымдар Канаданың тәжірибесін зерттеді. «Алайда Қазақстанмен Канаданы салыстыруға келмейді, Канада жыл сайын тұрақты өнім алатын болса, біздің жағдайымыз сәл төменірек. Тың технологияны қолдану бізде әлі де болса қолданысқа енген жоқ деген пікірде болды ол.

Тыңның басты жетістігі – ол адамдары деп есептейді Мақтай Рамазанұлы. Қоныс аударушылар Қазақстаннан бақытын тапты. Үйлі болды, отбасын құрды. Қазақтың қонақжай жерін –Отаным, ал тың игеруді тағдырым деп естептеді.

Бұл көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мақтай Рамазанұлы Сағдиевтің естеліктері. Өкінішке орай Мақтай Рамазанұлы өмірден озса да, оның өшпес ізі, жасаған игілікті істері халықтың мәңгі жадында. Тыңнан түрен салғандардың ішінде Мақтай Сағдиев есімі алтын әріппен жазылды.

Обсуждение

0 моментарии