Мәзір

Азық-түлік корпорациясының екі қызметкері парамен сотталды

16.05.2024
Азық-түлік корпорациясының екі қызметкері парамен сотталды

Астанада Азық-түлік корпорациясының қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды. Бұл туралы World of NAN Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Жұмаділов Н.Г. және бас маман Абенов Г.Ж. сотталды. Олар құжат жинау кезінде көрсеткен қызметі үшін, сондай-ақ астық түріндегі тауарлық несиені беру туралы келісімге қол қоюға көмектескені үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Сот шешімімен олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды және жалпы сомасы 48 миллион теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Қалалық прокуратура сот үкімін бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту туралы апелляциялық шағым түсірген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, жаза бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии