Мәзір

Дүниежүзілік банк мал шаруашылығын қаржыландыруды қысқартуға шақырды

10.05.2024
Дүниежүзілік банк мал шаруашылығын қаржыландыруды қысқартуға шақырды

Дүниежүзілік банк азық-түлікке арналған кешенді климаттық жоспарын жариялады. Құжатта ауқатты мемлекеттер мал шаруашылығына қаржылық қолдауды қысқартуы керек делінген. Бұл жөнінде World of NAN порталы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2016 жылы бүкіл әлемде ауыл шаруашылығына берілетін субсидияның үштен бірі ет және сүт шаруашылығын қолдауға бөлінген. Лейден университеті (Нидерланд) мен Chatham House сараптамалық орталығының жақында жүргізілген зерттеуі ЕО ауылшаруашылық субсидияларының 80%-дан астамы шығарындылары көп мал шаруашылығына жұмсалатынын көрсетті. «Қаржылай көмектің қысқаруы шығарындылары аз өнімдерге тұтынушылардың назарын аударуға көмектеседі», – дейді баяндама авторлары.

Дүниежүзілік банктің айтуынша ел үкіметтері, кәсіпорындар мен қарапайым азаматтар  білім беру, ақпараттық кампаниялар, азық-түлікті таңбалау арқылы шығарындылары аз азық-түліктерді тұтыну үлесін арттыра алады. Жануарлардан алынатын өнімдердің шынайы өзіндік құны шығарындылары төмен өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді, сөйтіп ет өнімдері 20-60% қымбаттамақ.

Дүниежүзілік банктің бұл есебі азық-түліктің климатқа әсерін шешуге арналған алғашқы кешенді бағдарлама болып саналады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) да өзінің жеке жол картасын әзірлеп жатыр. Ол 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Дүниежүзілік банк азық-түліктің климаттық әсеріне назар аударылмаса, адамзат өзінің экологиялық мақсаттарына жете алмайтынын айтады. Есепке сәйкес, 2030 жылға қарай ауылшаруашылық шығарындыларын екі есе азайтып, 2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізу үшін осы бағыттағы жыл сайынғы инвестиция 18 есе артып, 260 миллиард долларға жетуі керек. Дегенмен Банктің айтуынша, бұдан түсетін пайда шығындардан әлдеқайда мол болмақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии