Мәзір

«Даму» қоры фермерлерге берілетін несиенің 85 пайызына кепілдік береді

26.04.2024
«Даму» қоры фермерлерге берілетін несиенің 85 пайызына кепілдік береді

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіруге алғаш рет 580 миллиард теңгеге дейін бөлінді, оның 400 миллиарды коммерциялық қарыз капиталы, оның да жеңілдетілген мөлшерлемесі болады. Бұл жөнінде World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Біз шағын және орта шаруа қожалықтарына баса назар аудара отырып, фермерлердің барынша кең ауқымын қаржыландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Премьер-Министр тапсырғандай, енді әкімдіктер АНК-мен бірлесіп, қаржыландыруды қажет ететін шаруа қожалықтарының тізбесін мақсатты әзірлеуді жүзеге асыруы қажет», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров.

Ол әрбір фермерге ақпарат жеткізудің маңыздылығына тоқталып, «Аграрлық несие корпорациясына» шаруаларды несиелендіруге барынша күш салуды тапсырды. Бұл қаражат өндірушілерге агротехнологияларды сақтауға, тыңайтқыштарды қажетті көлемде пайдалануға, қажет өңдеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Жаңа механизм фермерге «таза» 5 пайызбен несие алуға мүмкіндік береді, ал несие мерзімі 12 ай. Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін «Даму» қорының құралдары арқылы Аграрлық несие корпорациясында несие сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік беруді қамтамасыз ететін шаруалардың несиелеріне кепілдік беру механизмі енгізіліп жатыр. Қалған кепілді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзі береді.

Несиені АНК мақұлдаған соң ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Даму» қорына құжаттарын тапсыруы қажет. Құжаттар тізімі Аграрлық несие корпорациясы мен «Даму» қорының сайттарында орналастырылады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии