Мәзір

Антикор азық-түлік бағасын реттеуді ерекше бақылауына алады

06.05.2024
Антикор азық-түлік бағасын реттеуді ерекше бақылауына алады

Жемқорлыққа қарсы қызмет азық-түлік бағасын реттеу кезінде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді ерекше бақылауына алады. Бұл туралы World of NAN жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

4 мамырда агенттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері бойынша кеңес өткізді. Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали үкімет маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданып жатқанын айтты. Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қатысты. Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстанның жеткізушілерінен ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды.

Тауарлар Қазақстан нарығына делдалсыз және барынша қолжетімді бағамен тікелей жеткізілетін болады. Осыған орай, Асхат Жұмағали аумақтық бөлімшелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерінің алдын алу мақсатында аталған үдерістерді қадағалауды тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған әртүрлі заңсыз схемалардың жолын кеспек.

Баға белгілеуге теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестес болуына, мемлекеттік аппараттың негізсіз кедергілер жасауына, нарықтың жосықсыз қатысушыларының айла-шарғысына және теріс пайдалануына ерекше назар аударылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығына тоқталып, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии