Мәзір

Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікті нығайтты

10.05.2024
Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікті нығайтты

Нидерланд Корольдігі мен Қазақстанның өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту бойынша бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойды. Бұл туралы World of NAN порталы KAZAKH INVEST-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен нидерландтық «VISCON» компаниясы жасанды интеллект арқылы көшет материалдарын шығаратын автоматтандырылған орталықтың құрылысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл жобаны жүзеге асыру мәдени өсімдіктердің тұрақтылығын, сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобада жасанды интеллект технологиялары мен in vitro өсіру әдістері қолданылады. Жобаны 2024-2026 жылдар аралығында жүзеге асырып, жылына 12 миллион көшет өндіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Royal GD» компаниясымен Қазақстандағы ветеринария жүйесін жетілдіру туралы құжатқа қол қойды. Жоба отандық өнімді Батыс нарықтарына шығару үшін ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды көздейді.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

  1. ҚР АШМ ҰАО мен «VISCON» компаниясы арасындағы жасанды интеллектті пайдалана отырып, отырғызу материалын (вирустардан бос) өндіру жөніндегі автоматтандырылған орталықты салу жөніндегі жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум;

  2. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Royal GD арасындағы Қазақстандағы ветеринариялық жүйені жетілдіру жөніндегі Меморандум;

  3. ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитеті мен naktuinbouw арасындағы фитосанитариялық жүйені жетілдіру және UPOV ға кіру бойынша өзара қолдау жөніндегі Меморандум;

  4. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Royal Philips» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында медициналық аппараттар өндіру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;

  5. Қызылорда облысының әкімдігі, Қазақстанның биоалуантүрлілік қоры және «DGB» компаниясы арасында Қызылорда облысында көміртекті кредиттер өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандум;

  6. Қызылорда облысы әкімдігі мен «Spectator Ehealth Holding B. V.» арасындағы телемедицина саласындағы жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум;

  7. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Эрасмус Медициналық Орталығы арасындағы мамандандырылған гранттар бөлу жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі Меморандум;

  8. ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті мен «Alltech Coppens» компаниясы арасындағы балық шаруашылығын дамыту туралы Меморандум.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии