Мәзір

Субсидияға қол салғаны үшін депутат алты жылға қамалды

02.05.2024
Субсидияға қол салғаны үшін депутат алты жылға қамалды

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутатына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол жүздеген миллион теңгені ұрлаудың қарапайым схемасын құрып, оны жүзеге асырған. Бұл туралы World of NAN Ақтөбе қаласының №2 сотына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2020 жылы шаруа қожалығының басшысы болған жауапкер 780 млн теңге несие желісін ашу мақсатында Аграрлық несие корпорациясына ешбір құжатсыз, тіпті сатып алуға нақты мүмкіндігі немесе ниеті болмаса да, 1200 бас ірі қара мал сатып алу шартын берген. Кепіл ретінде шаруа қожалығында жоқ малды көрсеткен. 390 миллион теңгені алған жауапкер оны туысының есепшотына аударған. Содан 290 миллионын өзінің есеп айырысу шотына, қалғанын шаруа қожалығының есеп айырысу шотына аударды. Артынша ол ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

2021-2022 жылдар аралығында ешбір мал-мүлкі жоқ жауапкер субсидия алуға жалған өтінім беріп, Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерін жаңылыстырып жіберген. Ол алған 67 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап, өз қажетіне жұмсап, сол арқылы басшылыққа материалдық шығын келтірген.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сот депутатты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сот сотталушының 4 кішкентай баласы бар екенін ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии