Мәзір
13 қыркүйек 2021
2 мин
2184
Жариялаған:

ҚР-да швейцариялық инвесторлар мал шаруашылығы кешенін, жаңа цехтарды салады

ҚР-да швейцариялық инвесторлар мал шаруашылығы кешенін, жаңа цехтарды салады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегацияның Швейцария Конфедерациясына ресми сапары барысында ірі швейцариялық компаниялардың басшыларымен Қазақстанда бірқатар перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер өтті. Бірқатар әлеуетті швейцариялық инвесторлармен екіжақты келіссөздерден кейін ҚР-да бірнеше жобаны іске қосу бойынша меморандумдарға қол қойылды деп хабарлайды Қазақинвестке сілтеме жасай отырып World of NAN.

Талқылау барысында «INOKS Capital» компаниясының басшылығы Агроөнеркәсіптік кешенде қосылған құнды құрудың кешенді тізбегін құруға қызығушылық танытты. Ағымдағы жылы Компания «Хоргос» АЭА базасында экструдталған жемшөп өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, қарқынды бақ құру, Алматы облысында жеміс сақтау қоймалары мен жеміс өңдеу цехтарын салу бойынша жаңа жоба пысықталуда.

Жоғарыда көрсетілген сапар барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тарапынан «KS Genetics» компаниясының президенті Филиппо Ломбардимен Алматы облысында толық циклді экспортқа бағдарланған инновациялық мал шаруашылығы кешенін құру жобасы бойынша, сондай-ақ «Stadler Rail» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулермен швейцариялық бизнеспен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша екі меморандумға қол қойылды.

«ҚР-ның Швейцариядағы Елшілігі ұйымдастырған қазақстандық делегацияның келіссөздерінің қорытындысы бойынша швейцариялық бизнес тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылық байқалды.» - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали.

Осылайша, «CCIG» Женева сауда-өнеркәсіп палатасының Бас директоры Венсан Субилия Швейцария Қазақстан үшін Еуропадағы инвестициялық хаб, капитал көзі және озық технологиялар рөлін атқаратын екі ел әріптестігінің синергетикалық әсерін атап өтті.

Анықтама үшін айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Швейцария Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі бойынша 3-ші, ал Қазақстанмен екіжақты сауда көлемі бойынша 10-шы орынды иеленді.

Обсуждение

0 моментарии