Мәзір

Қостанай облысында беймәлім қоңыздар бидайға қауіп төндіріп тұр

02.08.2024
Қостанай облысында беймәлім қоңыздар бидайға қауіп төндіріп тұр

Қостанай облысының аумағында белгісіз қоңыздар қаптап кетті. Бір сарапшы оларды астық жейтін барылдауық қоңыз деп түсіндірсе, келесі бірі ұн шыртылдақ қоңызы деп жорамалдады. Бұл жөнінде World of NAN «Курсив» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ғалымдардың түсіндіруінше, қоңыздардың күрт көбеюіне көктемгі су тасқыны әсер еткен. Биолог Андрей Андрющенконың айтуынша, күрт көбейіп кеткен жәндіктер – астық жейтін барылдауық қоңыздар. Олар сүттеніп пісу кезеңіндегі әлі қатая қоймаған бидай дәндерімен қоректеніп, егінге зиян келтіреді.

«Бұл астық жейтін барылдауық қоңыз. Адамдарға мүлдем зиянсыз, бірақ күздік дақыл зиянкестері. Қазір олар ұшып, жұптасып жатыр, артынша олар күздік бидай егістіктеріне барып, сонда жұмыртқалайды. Олардың дернәсілдері жер астында бидай тұқымын жейді. Ал көктемде күздік егін шыққан кезде жапырақтарды жұта бастайды», - деп, сарапшы жергілікті «Костанайские Новости» басылымына түсіндірді.

Ал энтомолог Татьяна Мариненко көшелер мен аулаларды ұн шыртылдақ қоңыздары басып алды деп тұжырымдайды. Қоңыздың бүл түрі мен оның дернәсілдері астық пен ұн өнімдерінде дамиды, үй мен қоймадағы да астыққа қауіп төндіреді.

«Ұн шыртылдақ қоңызының дернәсілдері азық-түлік қорын бұзып, олардың сапасы мен сақтау мерзімін қысқартады», - дейді энтомолог.

ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының айтуынша, астық жейтін барылдауық қоңыз (Carabidae) бен ұн шыртылдақ қоңыздары (Tenebrionidae) жәндіктердің екі бөлек түрі. Шыртылдақ қоңыздар негізінен қойма зиянкестері, ал барылдауық қоңыз табиғи ландшафттар мен агроценоздарды мекендейді. Қостанайда қандай зиянкес пайда болғанын және оның ауыл шаруашылығы дақылдарына қандай қауіп төндіретінін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты (ҚазӨҚКҒЗИ) нақты анықтай алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии