Мәзір

Абай облысында сібір бекіресінің популяциясы қалпына келтірілмек

31.07.2024
Абай облысында сібір бекіресінің популяциясы қалпына келтірілмек

Ертіс өзенінің су қоймаларында түгелдей дерлік жойылып кеткен сібір бекіресінің генофондын сақтау мақсатында былтыр демеушілік қаражат есебінен өзенге шабақтар жіберілді. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бассейндік инспекция мен ғалымдар Ертіс өзеніндегі бекіре және басқа да балық түрлерінің жағдайын анықтау мақсатында ихтиологиялық жұмыстар жүргізді. Бақылау балық аулау кезінде бекіре балықтарының 7 үлгісі ауланды, оның ішінде 4 сүйрік (Acipenser ruthenus) және 3 сібір бекіресі (Acipenser baerii).

Барлық 4 үлгі «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында үнемді инновациялық технологиялар мен жаңа акваөсіру нысандарын әзірлеу және енгізу» бағдарламасы аясында одан әрі зерттеу үшін алынды. Жоба Қазақстанның балық шаруашылықтары жағдайында сирек және жойылып бара жатқан балық түрлерін олардың генетикалық құрылымын ескере отырып қалыптастырудың биотехникалық әдістерін әзірлеуді және енгізуді қарастырады.

Морфологиялық визуалды зерттеулер жүргізілгеннен кейін сібір бекіресінің 3 үлгісі қайтадан табиғи ортасына жіберілді. Зерттеу нәтижелері өткен жылғы балықтандыру маусымының оң әсерін көрсетті.

2024 жылы Абай облысының әкімдігі бюджет қаражаты есебінен Ертіс өзеніндегі балықтарды молайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге және аймақтың су биоресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии