«Найдоровское» шаруа қожалығында егіс науқаны қызу жүріп жатыр.Таңнан кешке дейін диқандар ғана емес, ғалымдар да еңбек етуде. Себебі агробизнес саласында ғылым маңызды рөл атқарады. Аграрлық ғылымды бизнеспен ұштастыру үшін ҚазАТУ ғалымдары ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Биыл ғалымдар голландиялық Koppert компаниясының өнімдерін сынақтан өткізуде. Отандық ғалымдарды шет елдік компанияның ғылымға айрықша көңіл бөлетіні қызықтырды. Соңғы жылдары Копперт компаниясының микробиологиядағы мол тәжірибесі инновациялық шешімдерге қол жеткізуіне мүмкіндік туғызды. Бірегей шешімдер әлемнің біраз елдерінде жүзеге асырылды.