Мәзір

Ресей достас елдерге аграрлық экспортты ұлғайтпақ

02.08.2024
Ресей достас елдерге аграрлық экспортты ұлғайтпақ

Ресей билігі қаржы тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы экспортын мемлекеттік қолдау бағдарламасын қайта құрылымдамақ. Енді Ресеймен достас елдерге баса назар аударылып,  басым бағыттар мен басым елдер тізіміне өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы World of NAN «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресейдің ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Андрей Сухаревтің айтуынша, қазіргі уақытта үкімет «Халықаралық ынтымақтастық және экспорт» федералды жобасының жаңа нұсқасын талқылап жатыр. Жобаға сауданы қаржыландырудың реттелетін құралдары, жаңа элементтері енгізіледі. Дегенмен әзірге құжаттың егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Сухарев бүгінде Ресейдің ауылшаруашылық өнімдері саудасының 88 пайызы достас елдерге тиесілі екенін, 2023 жылы Ресей жалпы көлемі 43,5 миллиард долларға тең АӨК өнімдерін экспорттағанын айтты. Ол 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш бір жарым есеге, яғни 55,2 миллиард долларға жетуі тиіс екенін еске салды.

Сарапшылар мемлекеттік қолдауды қысқартқан жағдайда жоспардың орындаларына күмән келтіріп отыр. Қазақстан Ресейдің экономикалық одақтасы, достас елі саналатынын ескерсек, бұл өзгеріс қазақстандық фермерлерді де қуанта қоймасы анық. Ресей Федерациясы агроэкспортты жақсы қаржыландыруының арқасында ресейлік АӨК өнімдерінің бағасы төмен, нарықтағы бәсекеге қабілетті. Бұл қазақстандық өндірушілерді бірнеше жылдан бері қиын жағдайға ұшыратып келеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии