Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 91,7 мың тонна ет және ет өнімдері өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% аз. Дегенмен ет экспорты 11,5%-ға өсіп, 27,3 мың тоннаны құрады. Бұл жөнінде World of NAN порталы LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаңтар-мамыр айларында ет өңдеушілер экспорттан 71,7 млн доллар кіріске қол жеткізген.
Құс етінің экспорты бірден 33,1% өсіп, 18,8 мың тоннаны құрады. Тауық, күркетауық және үйрек еттері негізінен Ресейге – 13,9 мың тонна (+29,1%), Қырғызстанға – 4 мың тонна (+32,6%), Тәжікстанға – 679 тонна тасымалданған.
Сонымен қатар сыртқы нарыққа қой еті 10,9% көбірек тасымалданып, 3,5 мың тоннаға жетті. Қой етін негізінен Өзбекстан (2,5 мың тонна), Иран (260,5 тонна), БАӘ (258 тонна), Катарға (198,5 тонна) сатып алды.
Құс пен қой етінің экспорты артқанымен, сиыр етінің экспорты, керісінше, 23% азайып, 5 мың тоннаға дейін кеміді. Оның негізгі сату нарығы Өзбекстан – 4,6 мың тонна (-26,5%). Ірі қара мал еті Қырғызстан, Иран және БАӘ елдеріне де сатылды.
Айта кетерлігі, осы уақыт аралығында ет және ет өнімдерінің импорты 9,2% төмендепті. Сөйтіп ол 55,8 мың тоннаны құраған (ақшалай $92,8 млн). Қазақстан шошқа, жылғы, құс етінің импортын азайтқанымен, сиыр импортында 30,3% (5,4 мың тонна) айтарлықтай өсім байқалды. Оны Беларусь, Ресей, Украина, Үндістан, Уругвай, Парагвай және Аргентинадан сатып алдық.
Жалпы алғанда, қой етінің экспорты үшін Таяу Шығыс елдерінің нарығы зор әлеуетке ие екенін байқауға болады. Ал жақында Қытай тарапы қазақстандық сиыр етіне шектеуді алып тастағанын және жергілікті компаниялардың қытайлықтармен құны $75 млн келісімге отырғанын ескерсек, алдағы уақытта сиыр етінің экспорты күрт артуы мүмкін. Бірақ бұл ет түрін импорттауды ұлғайта түскен ел оған қалай қол жеткізетіні күмән да тудырады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение