«Балық алаяқтығы» деп аяқталды. Алматы облысы Қонаев қаласының соты аса ірі көлемдегі «көксерке филесі» балық өнімін заңсыз тасымалдау бойынша үкім шығарды. Бұл жөнінде World of NAN Бас Көлік Прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттаған.
Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығы балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды.
Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.
А.ж. 26 шілдесінде сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение