Мәзір
08 сәуір 2020
5 мин
4116
Жариялаған:

Бүкіл әлемнің фермерлері короновирус індетімен қалай күресуде?

Бүкіл әлемнің фермерлері короновирус індетімен қалай күресуде?

КОРОНАВИРУС. Соңғы кезде ең жиі айтылатын сөз. Әлемнің барлық дәрігерлері бірігіп қатерлі індетпен күрес жүргізіп жатқан кезде, басқа мамандық иелері карантин жағдайына бейімделіп, тіршілігін жалғастыруда.

Дүние жүзіндегі төтенше жағдай ауыл шаруашылығына қалай әсер етіп жатыр? Карантин жағдайында фермерлер қандай қиындықтарға тап болды? Біз осы мәселелерге шолу жасадық.

Француздар жұмыссыз қалған жерлестерін егістік алқабына шақырды

Фото: pixabay.com

Франция мемлекетінің Ауыл шаруашылық министрі Дидье Гийом эпидемия салдарынан жұмыссыз қалғандарды ауыл шаруашылық саласына жұмысқа шақырды. Қазір бұл салада 200 мың жұмыс қолы тапшы, шаруаларға тез арада көмек қажет.

«Мен барлық жұмыссыз қалған азаматтарды жұмысқа шақырамын. Бұрынғы мейрамхана даяшылары, шаштараз, қонақ үй қызметкерлері... Барлығыңыз бірігіп ауыл шаруашылық армиясын көтеруге ат салысыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біз азық-түлікті арттыра аламыз. Тамақ өнеркәсібін дамытуымыз керек. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды» - деді министр.

Бұрын бұл салада мигранттар қызмет ететін. Енді әлемдегі төтенше жағдайға байланысты сырттан бірде-бір азамат келе алмайды. Франция үкіметтің үндеуіне жауап берген азаматтар ауыл шаруашылық саласына үлес қоспақ.

Жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтар арнайы сайтқа кіріп өтініш білдіре алады. Алғашқы бірнеше сағаттың ішінде 12 400 адам тіркелген. Сондай-ақ үкімет басшылары короновирус індетінің таралуына тосқауыл қою үшін барлық қауіпсіздік шараларын бақылауға алатынын айтты.

Ақпарат көз: www.rfi.fr.

Ұлыбритания фермерлері халықты көкөніс пен жеміс-жидек жинауға шақырды

Фото: agro-sales.ru

Ұлыбританияда да жұмысшы тапшылығы туындады. Көкөніс пен жеміс жидек жинау үшін еңбек қолы жеткіліксіз. Шаруалар тұрғылықты халықты ауыл шаруашылық өнеркісібін қолдауға шақырды. Еңбекке қабілетті азаматтар жеміс-жидек өнеркәсібіне де қажет. Бұл жайлы Farmiguk басылымына сілтеме жасап Fruit-inform бұқаралық ақпарат құралы жариялады.

Ұлыбританияда жеміс-жидек жинайтын қызметкерлердің 98% шет елдік азаматтар. Карантин жариялағаннан бері олардың келуіне тосқауыл қойылды. Covid-19 дертінің салдарына байланысты 80 мыңға жуық жұмысшы жетіспейді дейді мамандар.

«Елімізде 80 мың жұмысшы тапшы. Бұрын-соңды бұндай жағдай болған емес. Сол себепті біз басқа салаларда қызмет ететін мамандарды көмекке шақырып отырмыз. Уақыт тығыз сондықтан тезірек әрекет ету керек», - дейді Жер және бизнес ассоциациясының (CLA) президенті Марк Бриджман.

Экономикалық дағдарыстың әсерінен мыңдаған кәсіпорындар жабылды. Қазір барлық елде басқа саланың мамандарын қайта даярлау қажеттілігі туындап отыр.

Ақпарат көзі: east-fruit.com.

Нидерландының шаруа қожалықтарына көмек қажет

Фото: alamy.com

Нидерландыда таяуда өнім жинайтын мезгіл басталады, бірақ карантинге байланысты басқа мемлекеттерден келетін қызметкерлерінің көбісі келе алмайды. Бұл жайлы NieuweOogst.nl басылымы хабарлады.

LTO Arbeidskracht компаниясы өздерінің сайттары арқылы Нидерланды халқын жұмысқа шақырды. «Бізде жағдай мүшкіл, еңбек ететін адамдар қажет», - дейді компанияның өкілі Ивонн ван де Вен.

«Көкөніс жинайтын маусым басталды. Сол себепті біз жұмысшыларды шақыратын алаң құрдық. Агросекторда қызмет ететін мамандар тапшы. Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жұмысшы күші керек», - дейді мамандар.

Компаниялар сайт арқылы хабарландыру таратып, аграрлық салаға жұмыс күшін тартуда. Жұмыс берушінің ұсынысына қызығушылық білдіріп жатқан азаматтар да жоқ емес. Біраз компаниялар дәл қазір жұмыс күшіне зәру. Бірақ кейбір компаниялар керісінше қызметкерлерін қысқартып жатыр. Мәселен, көлік компаниясында жұмыс жоқ, сондықтан қызметкерлері аграрлық салада жұмыс істейміз деп хат жазған.

Ақпарат көзі: east-fruit.com.

Германияда спаржа өнімін жинайтын жұмыс күші жеткіліксіз

Германияда спаржа жинайтын маусым басталды. Бұл немістердің сүйікті тағамы, содықтан оған сұраныс та артып отыр. Германияның әрбір азаматы жылына 1,7 кг спаржа жейді екен. Негізінен бұл көкөністі суға қайнатып немесе булап жейді. Сондай-ақ ет пен картоп араластырып жегенді де ұнатады.

Қазіргі таңда карантиннің салдарынан өнімді жинайтын адам жоқ. Бұл уақытта спаржа жинау үшін Шығыс Еуропадан 300 мың адам келетін. Шекара жабылды, адамдардың келуіне шектеу қойылды. Бұл елде де Ауыл шаруашылық министрлігі жұмысшы күшін тартатын арнайы онлайн алаң ашты. Осы алаң арқылы эпидемия салдарынан жұмысынан айрылған мамандар қызметке тұра алады.

Ақпарат көзі: dw.com.

Европадағы фермерлер жұмысшы тапшылығына байланысты шаралар қолданып жатса, ал басқа мемлекеттерде шаруалар дәрігерлерге алғысын білдіріп, қатерлі дертпен күресуге қолдау көрсетуде.

Қытайдағы ерекше флешмоб

Жаман аурудан айыққан, қытай фермері, Шан Юкан дәрігерлерге ерекше алғысын білдірді. Дәрігердің бейнесі салынған сызық бойына фермер бидай шашып шыққан. Бидайға келген құстар суретке жан бітірді.

Бұл флешмобқа 4 мың құс қатысты. Оларға 100 кг дән жұмсалды. Дәрігердің бейнесі шығу үшін 4 сағаттай уақыт кетті. Бейнеролик таймлапс технологиясы арқылы түсірілді. Дерттен айығуға көмектескен дәрігерлер үшін фермер осындай әркетпен орасан зор алғысын білдірді.

Ақпарат көзі: tvr.by.

Фермер Тбилисси қаласының дәрігерлеріне 1,5 мың бәйшешек сыйға тартты

Грузияның Колаги ауылында тұратын фермер Како Джейранашвили дәрігерлер мен медбикелерге 1,5 мың бәйшешек сыйға тартты. 63 жасар фермер гүл шаруашылығымен айналысқан. Бұл оның тек хоббиі ғана емес, негізгі табыс көзі еді. Биыл ол 5 мың бәйшешек өсірген.  Ол әдеттегідей гүлдерін «Навтлуги» базарына өткізбекші болады. Бірақ дағдырыс салдарынан бірде-бір гүлін сата алмайды. Гүл нарығының жабылғанына бір ай болған.

Әбден күйреген фермер ішкі күйзелісін жасырмай тілшілерге сұхбат береді. Бұл оқиға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тез тарайды. Бар тапқан таянғанын гүлге жұмсаған шаруа күн көріс табысынан бір-ақ сәтте айрылады.

Facebook әлеуметтік желі оқырмандары бұл жағдайға немқұрайлы қарамай фермерге көмектесу үшін ақша жинайды. Қайырымдылық қорын ұйымдастырған суретші Мариам Натрошвили 5 мың лари жиналғандығын айтады. Бұл Джейранашвилидің табысынан екі есе көп ақша еді.  

Қайырымды жандар сондай-ақ фермерге гүлдерді Тбилисиге апаруға көмектеседі. Тбилисидегі Жұқпалы аурулар ауруханасы, Республикалық аурухана, Бочоришвили емханасында күні-түні қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлеріне тарту етеді. Әрбір гүл шоғында алғыс сөздер жазылған. Бәйшешектермен суретке түскен дәрігерлердің суреті әлеуметтік желіде тез тарайды.

Ақпарат көзі: ekhokavkaza.com.

Короновирус індеті әлемнің барлық елдерінің аграрлық секторына әсер етуде. Тосыннан туған кесапаттың салдарынан кейбір шаруалар өнімін өз қолымен құртуға мәжбүр. Қытайда құлпынайдың жүздеген тоннасы далаға тасталды. Себебі жемісте де вирус болуы мүмкін деген болжам жасалды. Обал-ақ әрине, бірақ адам денсаулығына қауіпті өнімнен тездетіп құтылғаннан басқа амал жоқ.

Видео «Шишкин лес live» telegram каналынан алынды.

Ақпарат көзі: irkutskmedia.ru.

Дүние жүзіне жайылған короновирус індетінен адамзат болашақта толықтай құтылады деген үміт бар. Ал әзірге барлық сақтық шараларын қолданып, жаман ауруды жеңу үшін әлем болып бірлесіп әркет ету керек.

Обсуждение

0 моментарии
Похожие материалы