Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылыми-зерттеу зертханасында балық пен өсімдіктерді жедел өсіру технологиясы жан-жақты зерттелуде. Ғалымдардың пайымдауынша, жаңа технология ауыл шаруашылығындағы суды 90% үнемдеуге мүмкіндік береді. Аквапоника Қазақстан үшін жаңа бағыт болғанымен, дүниежүзінде бұл технология бұрыннан бар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы осы тәсілді пайдалана отырып аштықпен күресу жұмыстарын жүргізуде. Аквапоника технологиясы болашақта қанатын жайып, қарқынды дамымақ. Себебі бұл әдіс көбірек азық-түлік өндіруге мүмкіндік береді.