Пестицидтердегі химиялық заттар қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екенін біраз зерттеулер дәлелдейді. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, зиянды химиялық заттар жылына 200 мың адамның өліміне себеп болып отыр. Сондықтан қазір ауыл шаруашылығы саласында өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісін қолдану қажет. Себебі биологиялық әдіс өсімдіктерді табиғи жолмен қорғауды қамтамасыз етеді.Бұл өз кезегінде пестицидтерге деген тәуелділікті азайтады. Бүгінгі таңда KOPPERT BIOLOGICAL SYSTEMS компаниясы қазақстандық фермерлерге өсімдіктерді қорғаудың ең оңтайлы биологиялық әдісін ұсынып отыр.