Сұрақ қою оңай емес, оған жауап беру одан да қиын. Бірақ біздің сауалнамаға қатысушылар жан-жақты жауап қайтаруда. Қандай да бір сұраққа жауап алғыңыз келсе, төменде пікір қалдырсаңыз болады. Біз келесі жолы міндетті түрде сіздің сұрағыңызды қоятын боламыз. Осы жолы қатысушылар мынандай сұрақтарға жауап берді: Ауыл шаруашылығы министрін лауазымынан босату әділетті деп ойлайсыз ба? Биылғы құрғақшылық сіздің шаруашылығыңызға қалай әсер етті? Қалай ойлайсыз органикалық шаруашылыққа көшу қажет пе?