Ең үздік технологиялардың бірі – ауыл шаруашылығында, көбінесе егіншілік шаруашылығында дрондарды пайдалану. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БЛА) егін алқаптарын бақылау үшін, өсімдіктерді химиялық өңдеу үшін қолданады. Сондай-ақ, экономикалық жағынан да тиімді. Америка, Еуропа және Азиядағы бірқатар елдер бұл технологияларды барынша жан-жақты сынақтан өткізді. Қазіргі таңда дрондар органикалық өнімдерді өсіру процесін рационализациялау үшін сәтті қолданылады.