Қазақстан коронавирус індетіне қарамастан, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен экспортқа шығару қарқынын төмендеткен емес.
Сондай-ақ, өнімнің сапасын арттыру және ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуден сұранысқа ие өнімдерін ұлғайту үшін Қазақстан заманауи технологияларды қолдануы қажет.
Дамыған агроөнеркәсіптік кешенімен танымал Нидерланд мемлекеті бізге бизнес-серіктес ретінде қарайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқысы келеді.
Осы жайлы Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс World of Nan порталына арнайы сұхбат берді.