Мәзір
29 қыркүйек 2020
2269

Ауыл шаруашылығында биогазды өндіру жайлы Майкл Кеттнердің сұхбаты

Кейінгі жылдары анаэробты ашыту технологиясына  фермерлердің қызығушылығы артып отыр. Себебі биогаз технологиялары экология, энергетика және агрохимия саласындағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Био-қалдықтарды ашыту кезінде  алынған биометанды жарық пен жылуға жұмсап, сондай-ақ сапасы жоғары экологиялық таза тыңайтқышқа айналдыруға болады. Әрине, айтарлықтай артықшылықтар көп, бірақ фермерлердің көпшілігі биогаз станцияларын салуға, оның болашақта тиімді болатынына күмәнмен қарайды.  Өзекті сұрақтарға жауап алу үшін 20 жыл бойы биогаз мәселесі бойынша кеңес беру және оқыту қызметтерін ұсынатын IBBK неміс компаниясының бас директоры Майкл Кеттнерге хабарласып, сұхбат алған едік.

Похожие материалы