Қазақстанда өткен жылы индекстік агросақтандыру енгізілді. Бір жылдың ішінде фермерлер сақтандырудың тиімді екенін байқады. Себебі осы уақыт аралығында шаруаларға 535 млн теңге сақтандыру төлемдері төленді. Биылғы жоспар бойынша шығындарды субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлінді. Сақтандыруға қатысты барлық іс-шараларды шаруалар 15 сәуірге дейін онлайн жүргізе алады. Құжаттарды қалай тіркеу керектігін біздің бейнематериалдан көріңіздер.