Мәзір
04 ақпан 2022
834

Канадалық фермер ылғалды сақтау тәжірибесімен бөлісті

Біз ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды канадалықтардан үйренетініміз ешкімге жасырын емес. Елімізде енді ғана енгізіліп жатқан біз үшін тың технологияларды канададалықтар біраз жылдар бойы әбден кәдесіне жаратып нәтижелерінің қызығын көріп келеді. Бүгінгі бейнематериалымызда оқырмандарымызды канадалық фермермен таныстырғымыз келеді. Джон Герер Геппинген қаласының тумасы. Канадада егіншілік шаруашылығымен айналысады.Оның суды үнемдейтін технологиялар саласында тәжірибесі мол. Д.Герер ұзақ уақыт бойы Қазақстанда жұмыс істегендіктен біздің климаттық жағдайлармен жақсы таныс. Джон барлық оқырмандарды 9 ақпанда тікелей эфирде www.dlg-connect.com. платформасында өтетін халықаралық шараға қатысуға шақырады. Тақырыбы: «Ауыл шаруашылығындағы суды басқару – қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерінің озық тәжірибесі».

Похожие материалы