EuroTier-2021 көрмесі мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының барлық өзекті салаларын қамтитын ауқымды іс-шара. Биыл көрме "Азық-түлік өндірісіндегі ауыл шаруашылығының рөлі" тақырыбында өтуде. Көрме аясында шаруаларға маңызды ақпарат беретін түрлі онлайн-семинарлар өткізіліп, жаңа технологиялар жайлы мағлұмат беріледі. 11 ақпанда онлайн семинарды Қазақстаннан барған білікті мамандар өткізеді. World of NAN порталы арнайы дайындаған ақпарттық бейнематериалда биылғы көрменің ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.