Кейде ғалымнан гөрі білікті маман көбірек құнды кеңес беруі мүмкін. Егін алқабында жылдар бойы тынбай еңбек еткеннің арқасында мол өнім алудың құпияларын жақсы меңгересің. Михаил Кошалко жәй ғана фермер емес, ол үнемі ғылыми-өндірістік тәжірбиелер жүргізетін білікті маман. Бірақ ғылыми тәжірбиелерінің барлығы сәтті бола бермейді. Шығынға белшесінен батып, қолын бір-ақ сілтейтін кездер де болады. Дегенмен, біздің кейіпкеріміз ешқашан үмітін үзген емес. Қайта керісінше қиындықтарды еңсерген сайын жігерлене түседі. Осындай мол тәжірбиесінің арқасында бүгінгі таңда айтары да бар.