Бірнеше жыл бұрын біздің елімізде рапс жайқалып өседі дегенге ешкім сенбеген еді. «Рапуль Қазақстан» компаниясы түрлі тәжірбиелер жүргізіп рапстан мол өнім алуға болатынын дәлелдеп, фермерлердің ойын өзгертті. Бұл дәнді дақылды өсіру оңай емес, ерекше күтім мен біраз қаражат құю қажет, дегенмен әдісін білсеңіз пайдасы да қыруар болары сөзсіз. Машақаты көп болғандықтан отандық диқаншылар жаңа дәнді дақылды өсіруге бет бұра бермейді. «Әрекет түбі – берекет» демекші, бір орында тұруға болмайды. Тәуекелге бел буып, толағай табыстарға қол жеткізу үшін әрекет етіп көру керек.