Болашақта Қазақстан Еуропа мен Азия елдеріне сапалы өнім эспорттаушы ел бола алады. Біздің ел үшін ынтымақтастық тұрғысынан ең тиімді елдердің бірі Израиль болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орнағалы бері екі ел арасында көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде суару каналдарын қайта құру және жаңарту, отандық егістіктерге израильдік тамшылатып суармалау әдісін енгізу, бал өндірісін дамыту, мал шаруашылығының толық циклді фермаларын құру, сонымен қатар сүт фермаларын құру сияқты ауқымды шаралар бар. Қазақстандық фермерлердің израильдік кәсіпкерлермен серіктестігі жайлы толығырақ ақпаратты Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманның сұхбатынан біле аласыздар.