15-16 сәуір күндері Ақмола облысында ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша бірінші халықаралық форум өтуде. Аталмыш форум фермерлерді аграрлық саладағы қызметтерді барынша автоматтандыру, инновациялық шешімдерді тиімді пайдалану жолдарымен таныстырып, соның есебінен өнімділікті арттырып, табысты ұлғайтуға негізделген. Ал оған қол жеткізу үшін соңғы үлгідегі ауыл шаруашылық техникасы, сенсорлар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен инновациялық технологиялар мүмкіндік береді. Болашақта әрбір компанияның бәсекеге қабілеттілігі цифрландыру мүмкіндігімен анықталатын болады. Өйткені, АӨК цифрландыру бүкіл әлемде күн сайын қарқынды дамып келеді. Сондықтан қазақстандық аграрийлер үшін технологиялық процестің заманауи трендтерімен танысып, оларға қол жеткізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Форум туралы толығырақ ақпаратты біздің бейнематериалымыздан көріңіздер.