Мамандар Қазақстанда сүт өндіру саласын жетілдіруге ерекше ден қойып отыр. Арнайы осы бағытта Қазақстан мен Германия арасында жаңа жоба әзірленіп, іске қосылмақ. Жобаға 15 шағын шаруа қожалығы қатысады. Олар кәсіпорындарын дамыту бағытында шет елдік мамандардан тәжірбие алмақ. Ауыл шаруашылық саласындағы түрлі инновациялық оқыту шаралары біздің фермерлер үшін тегін. Жоба жетекшісі Уве Веддиге мырза мен сүт өңдеу саласының сарапшысы Айнагүл Аяғанованың сұхбатынан осы жоба жайлы толығырақ мәліметті біле аласыздар.