Мәзір
04 желтоқсан 2020
3345

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АГРОСЕКТОРДЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

Ауыл шаруашылығы осы күнге дейін машақаты көп әрі тиімсіз кәсіп болып саналды. Бұл саланы болжаудың өзі қиын, себебі ол табиғаттың құбылмалы райына және де кенеттен орын алатын апаттарға тікелей тәуелді. Ғасырлар бойы қалыптасқан қатаң көзқарасты бүгінгі таңда агротехнологиялар түбегейлі өзгертіп отыр. Тың шешімдер пайда болды. Жаңа инновациялар салаға айтарлықтай әсер етті. John Deere компаниясының ақпараттық шешімдері фермерлерге кез-келген уақытта және қашықтықтан шаруа қожалықтарын толық бақылауға мүмкіндік береді. Олардың агротехнологиялық карталарының арқасында егін алқаптарындағы барлық мәліметтер бір жүйеде жиналады. Бұл ақпараттар шаруашылықтың өнімділігін арттырып, шығындарды азайту үшін септігін тигізеді.

Похожие материалы