Канада экономикасының қарқынды дамып келе жатқан саласы – ауыл шаруашылығы. Бұл ел әлемдегі ірі азық-түлік экспорттаушыларының бірі болып табылады.
Канаданың климаты Қазақстанның ауа-райына өте ұқсас. Сондықтан біздің диқандарды Канаданың АӨК саласындағы тәжірибесі барынша қызықтырады.
Қазақстандағы Канада Елшілігінің бастамасымен 20 қаңтар күні «АӨК цифрландыру. Канада тәжірибесі» тақырыбында виртуалды көрме өтті. Көрмеге қатысушылар цифрландыру саласындағы соңғы үлгідегі технологиялармен танысуға мүмкіндік алды. Көрмені ұйымдастырушылардың бірі, Альберта провинциясының өкілі Ааридж Башир іс-шараның мақсаты туралы World of NAN порталына эксклюзивті сұхбат берді.