Мәзір
10 қазан 2020
1625

Германияда 100 000$ жүлде қоры бар ауыл шаруашылығы жайлы ойын турнирі өтті

20 қыркүйекте Farming Simulator - 19 киберспорттық ойынының   финалы Германияда өтті. Team Trelleborg командасы чемпион атанды. Жарыстың жүлде қоры 100 мың долларды құрады, оны сегіз финалист бөлісті.

Farming Simulator – бұл ойында әрбір адам өзін фермер сияқты сезінеді, себебі ойынның шарты бойынша қатысушылар   шаруашылықты тиімді жүргізу қажет. Мәселен, егін егу, астық жинау, мал өсіру, қалдықтарды жою, техниканы басқару және қаржылық менеджментті игергені жөн.

Сонымен қатар, бұл  ойында John Deere, New Holland, Challenger, Fendt, Massey Ferguson, Valtra, Krone және Deutz-Fahr сияқты әлемге әйгілі өндірушілер шығаратын ауыл шаруашылық техникасының 300 көшірмесі ұсынылған.

Похожие материалы