Халықты тығырыққа тіреген пандемия кезінде ең бірінші кезекте не керек екенін түсіндік. Бірден ауыл шаруашылығына назар аудардық. Азық-түлік пен шикізаттың негізгі көзі ауыл шаруашылығы болғандықтан осы саланы қолға ала бастадық. Дүкендерде дүрбелең басталып, азық-түлікке сұраныс өсті. Сұраныс өскен соң, баға да аспандап кетті. Осындай қиын жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ауыл шаруашылық техникасын есептен шығару жайлы бұйрыққа қол қойды. Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл техниканың қымбаттауына әкеледі. Салдарынан азық-түлік те қымбаттайды. Қазақстандық фермерлер машина жасау өнеркәсібінің дамуына қарсы емес. Бірақ олардың жұмысына зиянын тигізбесе екен дейді. Ауыл шаруашылығы зардап шексе, ешкімге оңай соқпасы анық.