Мәзір

Жамбыл облысында 100 млн теңге субсидия ұрланған

30.04.2024
Жамбыл облысында 100 млн теңге субсидия ұрланған

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін анықтады. Бұл туралы World of NAN облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан жалған құжат жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығындарын субсидиялауға бөлінген 105,3 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталды.

Аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі өндірісті тіркеді. Қылмыстық істі тергеу облыстық экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии