Қараша айының 13-18 күндері аралығында Қытайға астық, өсімдік майы және коксты тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Мұндай шектеудің қойылуына Алашаңқай шекаралық станциясында (ҚХР) жүктерді түсіру баяу жүргізіліп жатқаны себеп болған. Бұл туралы World of NAN порталы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қарашаның екінші онкүндігінде тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін жүк жөнелтушілерге айыппұл салынбайды. Хабарламада баяу түсірудің Алашаңқай станциясындағы жолдарды қайта жаңартумен байланысты екені айтылған. Сондай-ақ ауа райы жағдайлары да әсер еткен. 31 қазаннан 10 қарашаға дейін Достық және Алашаңқай станцияларында желдің екпіні 26-28 м/с дейін жетіп жатыр. Желдің күшеюі түсіру терминалдарының жұмысын қиындата түскен.
Осыған дейін қазақстандық астық экспорттаушылар ҚТЖ-ның тасымал ережесін негізсіз жиі өзгертіп, жоғары тарифтер мен айыппұлдар салып жатқанын айтып, бірнеше мәрте шағымданған болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение