Мәзір

ҚР АШМ: 2019 жылы 16 сандық шаруа қожалық және 6 smart-ферма құрылды

27.12.2019
ҚР АШМ: 2019 жылы 16 сандық шаруа қожалық және 6 smart-ферма құрылды

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша елімізде 16 шаруа қожалық «сандық» жүйеге көшіп, мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР АШМ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне автоматтандырылған жүйелерді енгізуде. Қазіргі заманғы сандық технологиялар есебінен министрлік еңбек өнімділігін, сондай-ақ аграрлық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр.

2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграриялар мен ІТ-қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырды. Жыл қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығында қосымша 16 «сандық» шаруашылық, ал мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды.

Айта кетсек, 2018 жылы 12 шаруа қожалығы мен 3 құс фабрикасы «сандық» және мал шаруашылығына бейімделген 12 қожалық «smart-ферма» мәртебесіне ие болды. Бүгінгі таңда елімізде компьютерлік жүйелер арқылы автоматтандырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жалпы саны 49-ға жетті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии