Мәзір

Қазақстанда өндірілген 180 тонна жемді Қырғызстан кіргізбеді

30.01.2024
Қазақстанда өндірілген 180 тонна жемді Қырғызстан кіргізбеді

«Ак-Тилек» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан Қырғызстан аумағына 180 000 келі мөлшерінде жемнің заңсыз әкелінуі анықталды. Бұл жөнінде World of NAN Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жүктің ветеринариялық ілеспе құжаты жоқ екені және Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Тексерушілер тиісті қайтару актісін жасап, жүк «Ак-Тилек» өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасына қайтарылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии