Мәзір

2023 жылы қазақстандық экспортшыларға 600 млрд тг ҚҚС қайтарылмады

19.03.2024
2023 жылы қазақстандық экспортшыларға 600 млрд тг ҚҚС қайтарылмады

2023 жылы қосылған құн салығы бизнеске қайтарылғанымен, бизнес субъектілері 600 млрд теңгеге жуық қаражатты ала алмады. Ал бұл – тауарлар экспортын жүзеге асыратын 485-ке жуық компания. Мұндай деректі премьер-министр Олжас Бектенов келтірді. Оның түсіндіруінше, бұл бизнестің айналымындағы ақшаны тартып алу әрі бұл кәсіпкерлердің құқығын бұзу, деп хабарлайды World of NAN.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында осы жылдың наурыз айында Қазақстанда отандық экспорттаушыларға ҚҚС қайтару рәсімдері қайта қаралды. Тәсілдердің өзгеруін ескере отырып, енді растау үлесі ұлғайтылады, бұл қазақстандық тауар өндірушілер үшін елеулі қолдауға айналады. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бұл процедураның жеделдігін қамтамасыз ететін аналитикалық жүйе әзірлеу сатысында. Соңғы екі айда экспорттаушыларға жалпы берешектің жартысына жуығы қайтарылды.

«2023 жылы қосылған құн салығы бизнеске қайтарылғанымен, бизнес субъектілері 600 млрд теңгеге жуық қаражатты ала алмады. Ал бұл – тауарлар экспортын жүзеге асыратын 485-ке жуық компания. Яғни, бизнес айналым қаражатынан айырылып қалды. Бұл – кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу. Осыған байланысты Қаржы министрлігі қосылған құн салығының расталған сомаларын бизнеске қайтарып, қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл ретте, қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бизнес өз кәсібін жаңғыртуға және кеңейтуге қайта инвестициялауды көздейтін тетіктерді пысықтауды тапсырамын», — деді премьер-министр.

Ол салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии