Мәзір

2024 жыл фермерлер үшін ең ыстық жыл болуы мүмкін

09.01.2024
2024 жыл фермерлер үшін ең ыстық жыл болуы мүмкін

2023 жыл тарихтағы бақылау жасалған жылдар ішінде орташа температурасы ең жоғары жыл ретінде есте қалды. Дегенмен сарапшылар биылғы жылдың аптап ыстығы былтырғыдан да асып түсуі мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды World of NAN.

Бүкіләлемдік метереологиялық ұйымның (WMO) дерегінше, 2023 жылы Жер бетіндегі орташа жылдық температура индустрияландыруға дейінгі кезеңдегі орташа температурадан 1,4 Цельсийге жоғары болып, рекорд орнатқан. Бірақ биыл температура индустрияландыруға дейінгі кезеңдегі орташа жылудан 1,5 градусқа жоғарылап, былтырғы рекордты жаңартуы мүмкін.

Bloomberg агенттігіне пікір білдірген сарапшылар биыл болжанып отырған ыстық температура экваторлық Тынық мұхиттағы Эль-Ниньо құбылысының салдарынан болатынын айтады. Бұған ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан климаттың өзгеру құбылысы да айтарлықтай әсер етеді.

Былтыр жазда Қазақстанның астық егілетін аймағында аптап ыстық болып, оның соңы құрғақшылыққа ұласқан еді. Жамбыл облысында табиғи жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Бұл құбылыстар алдағы уақытта фермерлердің ыстық пен құрғақшылыққа төзімді өсімдік және мал тұқымдарына басымдық беруінің, климат өзгеруіне төтеп бере алатын жаңа технологияларды енгізуінің маңызын көрсетеді. Сондай-ақ әлемдік азық-түлік нарығындағы маңызды тауарлар - қант, күріш, пальма майы, т.б. өнімдердің бағасы өсуі мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии