Мәзір

2024 жылы шегіртке биылғыдан 1,5 есе үлкен аумаққа тарайтын болады

20.09.2023
2024 жылы шегіртке биылғыдан 1,5 есе үлкен аумаққа тарайтын болады

Үкіметте премьер-министрдің орындасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуын болдырмауға дайындық жұмыстарының жай-күйі талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, келер жылы шегірткенің шабуылы биылғыдан да ауқымды болмақ. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша, 2023-2024 жылдар  шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастады. 2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтіліп отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге қаржы жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек.

«Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек», — деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии