Мәзір

2030 жылға қарай Ресей жылына 39 млн тонна сүт өндірмек

18.07.2024
2030 жылға қарай Ресей жылына 39 млн тонна сүт өндірмек

Ресейдегі сүт өндірісінің көлемі 2030 жылға қарай 39 миллион тоннаға дейін артуы керек. Бұл туралы РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.

«Өткен жылы сүт өндіру көлемі 33 миллион тоннадан сәл ғана асса, биыл 34 миллион тоннаға дейін өседі деп күтеміз, ал 2030 жылға қарай сүт өндіруді 39 миллион тоннаға жеткізу керек», - деді Оксана Лут.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясының 2030 жылға дейінгі кезеңге және 2036 жылға дейінгі болашаққа арналған ұлттық даму мақсаттары туралы» жарлығында 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кемінде 1,5 есеге арттыру міндетін қойған еді. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2021 жылмен салыстырғанда кемінде 25% артуға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, келер жылдан бастап Еуразиялық Одақтың сүт шикізатын өндіруге байланысты жаңа регламенті күшіне енеді. Бұл норма бойынша арнайы аппаратпен сауылған сүт қана өңдеуге және экспортқа жарамды. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары келер жылы қазақстандық сүт өңдеушілер қиын жағдайға ұшырайтынын ескертті. Алайда министрлік өнеркәсіптік сүттің 70 пайызы арнайы сүт-тауарлы фермаларда өндірілетінін, сондықтан алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

Биылғы жылдан бастап Ресей экспорттық сүт өнімдерінің тасымал шығындарын 100% субсидиялай бастады. Осылайша солтүстік көршіміздің өнімдері Қазақстанға арзан бағамен келіп, жергілікті өндірушілерді қыспаққа алды. Ресей Федерациясының жоспарларына қарайтын болсақ, сүт бойынша проблемалар мұнымен бітпей, болашақта тек ушыға түсетін сияқты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии