ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің екі палата депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2020 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Министрлер кабинетінің басшысы өз сөзінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 216 ауылды көркейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды World of NAN «КазИнформ» ХАА сілтеме жасап.
«Көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту мақсатында құрылыс жұмыстарымен 9,8 мың шақырым автожол қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 5,8 мың шақырым, жергілікті маңызы бар 4 мың шақырым», – деді Асқар Мамин.
Ол «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 216 ауылды көркейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, 80,6 млрд теңге сомасына 992 жоба іске асырылып, 10 мың жұмыс орны құрылғанын хабарлады.
«Жалпы, 2025 жылға дейін 3561 елді-мекенді көркейту жоспарланған. 158 мектеп салынды, 5214 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. 30 елді-мекенде газ тарту бойынша 51 жобаны іске асыру басталды, бұл 340 мың азаматты газбен қамтуға қосымша мүмкіндік берді. Осы жобалардың арқасында халықтың табиғи газға қолжетімділігі 2020 жылдың соңында 53% құрады. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 60%-ға дейін арттыру жоспарлануда», – деді Асқар Мамин.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение