Мәзір

Атырауда 37 шаруашылықты су басты

30.05.2024
Атырауда 37 шаруашылықты су басты

Атырау қаласында 265 шаруа қожалығының 37-сі су астында қалып, жалпы аумағы 3120 гектар жерді су басып қалды. Бұл туралы World of NAN облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Соколок каналының бойында Алмалы және Еркінқала ауылдық округтерінде 18 мал, 19 өсімдік шаруашылығы тіркелді.

«Су басқан шаруа қожалықтарындағы барлық мал қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жануарлардың қырылуы, үйлерді су басып кету жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі таңда әкімдік қиын жағдайға тап болған шаруа қожалықтарына құрылыс, техника, малға қажетті жем-шөп, жанар-жағармай, техника, бөгеттерді нығайтуға көмектесуде», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Бүгінде Қайыршағын, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтері мен Атырау қаласында су басу қаупі бар 180 шаруа қожалығы бар. Қауіпті аймақтарда тәулік бойы вахта ұйымдастырылған. Сондай-ақ шаруа қожалықтарына келтірілген шығынды есептеп, өтеу үшін қалалық комиссия құрып, одан кейін оларға ақшалай өтемақы төлеу жоспарлануда.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии