Трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділікті жою және суармалы жерлердің көлемін арттыру мақсатында Қазақстанның 9 өңірінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда, деп хабарлайды World of NAN ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су қоймаларының жалпы көлемі жылына 3,6 млрд м3 құрайтын болады. Биылдың өзіндеТүркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы аяқталады.
«Су қоймаларын салу 70 елді мекен (137 мың адам) үшін су тасқыны қаупін азайтуға, 394 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға, трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл 30%-ға дейін Қырғызстан, 25%-ға дейін Өзбекстан, 15% - ға дейін Ресей Федерациясына тәуелділікті төмендетеді», – деп атап өтті экология министрі М.Мырзағалиев.
Суды есепке алу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында былтыр Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ұзындығы 12 км «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Каналды цифрландырудың арқасында су суару нормаларынан 45%-ға көп жұмсалатыны анықталған. Таяудағы бес жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын 119 арнаны цифрландыру жоспарда бар.
«Ауыз суды елді-мекендерге жеткізу бойынша былтыр топтық су құбырлары құрылысының 14 жобасы іске асырылды, олардың үшеуі аяқталды. Нәтижесінде 343 км желі салынды. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 124,5 мың халқы бар 15 елді-мекен мен бір қала сумен қамтамасыз етіліп, жағдай жақсарды. Биыл ұзындығы 845 км болатын сегіз жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының 203 мың тұрғыны бар 61 елді-мекенде сумен қамтамасыз ету мәселесі жақсартылады. Екі жыл ішінде 10 ұзақ жылдарға созылған құрылыстың бесеуін тапсырдық. Биыл тағы үшеуін аяқтаймыз және келесі жылы қалған екеуін тапсыру жоспарланған», – дейді М.Мырзағалиев.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение