Мәзір

Ауыл шаруашылығындағы жас ғалымдар 400 грантқа ие болды

09.09.2021
Ауыл шаруашылығындағы жас ғалымдар 400 грантқа ие болды

Қазақстанда биыл ауыл шаруашылығы ғылымына 15 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Тлектес Есполов айтты, деп хабарлайды World of NAN  Inform.kz.-та сілтеме жасап.

«Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуының 30 жылы» атты Бірінші халықаралық жас ғалымдар форумы барысында академик биыл ауыл шаруашылығы ғылымына 15 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. 2018-2020 жылдары аграрлық ғалымдармен 36 ғылыми бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 1050 нәтиже алынды.

«2022-2026 жылдарға арналған АӨК ұлттық жобасы аясында АШМ 35 жасқа дейінгі жас ғалымдарға 2022-2023 жылдарға 200 грант, 2024-2025 жылдарға екі жыл мерзімге 30 миллион теңгеден тағы 200 грант бөлу қарастырылған. Мұндай мақсатты жұмыс аграрлық ғылымның тиімділігін 2025 жылға қарай 40% дейін және аграрлық мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейін 55% дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Тлектес Есполов.

Бүгінгі таңда ҚазҰАУ-да ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғалымдарға, докторанттарға, магистранттарға ғылыми-білім беру инфрақұрылымы құрылған. Құрамына 7 ғылыми-зерттеу институты, 8 инновациялық орталық, 49 зерттеу зертханасы, нақты жобалар негізінде құрылған 18 халықаралық ғылыми орталық кіретін халықаралық агроөнеркәсіптік ХАБ жұмыс істейді.

«Ғалымдар 2021-2023 жылдарға арналған 8 млрд теңгеден астам сомаға зерттеу, енгізушілік және халықаралық жобаларды іске асыруда, олардың 45% жас ғалымдардың жетекшілігімен орындалуда», - деп толықтырды Тлектес Есполов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии