Өткен жылдың күзінде Қазақстандағы киіктерді аулауға рұқсат етілген еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі берген ақпарат бойынша, былтыр киік етінен 5 тоннадан астам консерв жасалған. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрлік Kazinform агенттігінің сауалына жолдаған жауабында киік аулаудың өнеркәсіптік көлемін айтты.
«2023 жылы киік етінен 5 425 килограмм консерв өндірілді. Киік етінің консервісі Қостанай облысында (Қостанай және Арқалық қалаларында), Астанда сатылды», - делінген жауапта.
Сондай-ақ, жауапта киік етін консервілеумен жалғыз кәсіпорын («Торғай ет» ЖШС) айналысқаны айтылған. Бұл кәсіпорын киік етін консервілеуді 2023 жылдың желтоқсан айында тоқтатқан. «Ет өңдеуші кәсіпорындар киік етін қайта өңдеуді мақсат етіп отырған жоқ. Өйткені олар негізінен ірі қара мен ұсақ малдың етін өңдеуге бағдарланған», - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстанның бірнеше облысында киік саны көбейіп, фермерлердің егістігі мен жайылымына зиян келтірген. Артынша экология министрлігі оларды аулауға рұқсат етіп, ақпан айында қайтадан шектеу қойды. Ал бірнеше апта бұрын президент Тоқаев киік аулауға тыйым салатынын айтқан еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение