Су басқан өңірлерде қабылданған шаралардың нәтижесінде 60 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бұл жөнінде World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл ретте малдың қырылуын болдырмау мүмкін болмады, республиканың жеті облысындағы жедел деректер бойынша өлген ауыл шаруашылығы жануарларының саны 5711 басты құрады, оның ішінде ірі қара – 1137, ұсақ мал – 4051, жылқы – 457 бас.
Мемлекеттік органдар өлген жануарларды жинап, утилизациялайды. Бүгінгі таңда 1013 бас, оның ішінде 133 ірі қара, 809 ұсақ мал, 64 жылқы жойылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленіп, залалды анықтау комиссиялары мен халыққа жеткізілетін болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение