13 шілде күні Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков елімізде жұмыс істеп тұрған жүздеген қойманың статистикаға енбегенін айтты, деп хабарлайды World of NAN.
«Аумақтық сауда департаменттері әкімшілікпен бірлесе Ұлттық статистика бюросы есепке алмаған көкөністерді сақтауға арналған 593 нысанды анықтады. Қазір оларды есепке қою мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Айдар Әбілдабеков алқа отырысында.
Сонымен қатар, комитет төрағасы өңірлік комиссиялардың нашар жұмысына тоқталып өтті. 2023 жылдың басынан бастап Сауда Комитетінің төрағалығымен өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өткізілген, оның қорытындысы бойынша 298 өнімсіз делдалдар мен сауда үстемесін асыруды анықтаған. «Өткізілген отырыстардың саны анықталған бұзушылықтардан 3 есе көп. Бұл өңірлердегі делдалдық схемаларды тергеуге өңірлік комиссиялардың әлсіз, әрі үстіртін жұмысын көрсетеді», - деді Айдар Әбілдабеков кеңейтілген отырыста.
Комитет төрағасының айтуынша, ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті 27 сәуірден бастап әкімдіктерден Сауда минитрлігіне берілген болатын, ал оны тікелей аумақтық департаменттер іске асыра бастады. Сол уақыттан бастап 233 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 172-сі сауда үстемесін асырғаны үшін, 61-і тауарларға әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін қозғалған.
Осыдан бірнеше апта бұрын EnergyProm мониторинг агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйене отырып, еліміздегі жеміс пен көкөніс қоймаларының дефициті 35 пайызды құрайтынын хабарлаған. Ал президент Тоқаев сәуір айындағы мәлімдемелерінің бірінде еліміздегі көкөніс қоймаларының 60%-ы тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталмағанын, сақтау қоймаларының 30%-ының қызмет ету мерзімі 20 жылдан асып, тозып кеткенін айтқан болатын. Осының салдарынан жиналған өнімнің 35-40% пайызы бұзылып кеткенін жеткізген еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение