Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде өңірде өңделген өнімдердің үлесі небәрі 28 пайызға жетеді, деп хабарлайды World of NAN.
Бұл ретте бірқатар шара атқарылып келеді. Облыста 73 өңдеуші кәсіпорын бар. Азық-түлік өндірісі 8 пайызға өскен.
«2026 жылға дейін 290 млрд теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылады», - деді әкім.
Сондай-ақ елордадағы 44 ірі сауда орталығына 130 кәсіпорын экологиялық таза өнім жеткізіп жатыр. Бұл шамамен 38 мың тонна сүт өнімдері; 25 мың тонна ет өнімдері және 210 миллион дана жұмыртқа.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение