Көрші елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Оксана Лут жалпы егіс алқабының 1 пайызы өлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.
Орталық және Еділ федералдық округтерінің бірнеше аймақтарында, сондай-ақ Волгоград пен Ростов облыстарында мамыр айында аяз тіркелді. Осыған байланысты сегіз облыста төтенше жағдай жарияланды.
«Егіннен бөлек, көпжылдық екпелерді де зақымдап алдық. Қазір біздің мамандар өңірлермен бірге нақты деректер алу үшін бағалау жүргізіп жатыр», - деп түйіндеді Лут.
Ол агрономиялық мерзімге үлгеру үшін фермерлерді үсіген дақылдарды қайта егуді жедел ұйымдастыруға шақырды. Алайда мұндай шығындардан кейін шаруалардың қосымша айналым қаражаты болуы екіталай.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение